Конькиші Алина Дауранова Әлем кубогінде «күміс» еншіледі

Конькиші Алина Дауранова Әлем кубогінде «күміс» еншіледі
Cурет: Olympic.kz

Ол қыздар арасында 1000 м қашықтықты 1:17:23 уақытта бағындырды

Қазақстан өкілі конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогі кезеңінің жүлдегері атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Германияның Инзель аймағында конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогі кезеңі өтіп жатыр. Жастар арасындағы додада қазақстандық Алина Дауранова екінші орыннан көрінді. Ол қыздар арасында 1000 м қашықтықты 1:17:23 уақытта бағындырды.
Жарыс нәтижесі бойынша Смит Пиен (Нидерланды) топ жарса, Анастасия Семенова (Ресей) үздік үштікті түйіндеді.