Конькимен жүгіру: Дмитрий Морозов Бейжің Олимпиадасында жиырмалыққа енді

Конькимен жүгіру: Дмитрий Морозов Бейжің Олимпиадасында жиырмалыққа енді
ФОТО: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында 1500 метрге конькимен жүгіруден ерлер арасындағы жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Бұл сында Қазақстан атынан Дмитрий Морозов сынға түскен болатын. Ол жеңімпаздан 3.80 секундқа ұтылып, Олимпиаданы 18-ші орынмен аяқтады. 

Аталған қашықтықта Олимпиада рекордын орнатқан нидерландылық Кьелд Нёйс жеңіске жетті. Күміс жүлдені оның отандасы Томас Крол иеленген. 

Ал қола жүлде Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Соктың еншісінде.