Көңіл-күйді көтеретін азық-түліктер

Көңіл-күйді көтеретін азық-түліктер Сурет: Steaklovers.menu

Банан, жұмыртқа және басқа да кейбір азық-түлік өнімдері көңіл-күйді көтереді.


Бұл туралы  How to Eat диетолог-нутрициологы  София Кованова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жеңіл сіңімді, жоғары көмірсутекті тағамдарды тұтыну қанағат сезімін тудырады, дейді Кованова. Ол бұл серотониннің тез бөлінуіне байланысты екенін түсіндірді. Сондықтан, көңіл-күйі жоқ кезде адам тәтті немесе ұн өнімін жегісі келеді.


Алайда, жоғары көмірсутекті тағамдар ұзақ уақытқа эмоционалды жағдайды жақсы күйде ұстай алмайды. Ақуыздарға, майларға және көмірсуларға бай дұрыс тамақтану қажет. Бұл серотонинді тұрақты деңгейде ұстауға көмектеседі.


Кованова серотонин деңгейін арттыру  үшін банан жеуге кеңес береді. Банандар триптофан, яғни, серотониннің негізін құрушы  болып саналатын амин қышқылдарының тамаша көзі болып табылады. Сонымен қатар, банандарда күйзеліс деңгейін төмендетуге көмектесетін В6 дәрумені мен калий бар.


Диетолог тағы бір нағыз супер тағам жұмыртқа екенін атап өтті. Ол - ақуыздың, магнийдің, каротиннің, А, Е, Д, В дәрумендерінің жақсы көзі және оны тұтыну адам денсаулығына да пайдалы.


Ірімшіктерде триптофан, ақуыз, кальций және D дәрумені бар. Жаңғақтар-көңіл-күйді жақсартатын ақуыз мен омега-3 май қышқылдарының бай көзі.


В тобындағы дәрумендер мен магнийдің арқасында теңіз қырыққабаты серотонин деңгейін реттеуде маңызды рөл атқарады, деп атап өтті Кованова. Ол адреналин деңгейін сақтайды, осылайша адамның жұмыс істеу қабілетін арттырады және шаршағанда басады.


«Лента.ру»-ға сұхбат берген маман пайдалы екен деп бұл өнімдерді тұтынуда шектен шығуға да болмайтынын ескертті. Рационалды тұрғыда әр түрлі етіп жасалған тамақтану рационы ғана адамның көңіл-күйінің жақсаруына әсер ете алады. 



«Сондай-ақ, егер сіз жағымсыз эмоционалды күйде болсаңыз, диетадан толығымен алынып тасталуы керек тағамдар бар», - деп жалғастырды Кованова. - Ең алдымен бұл кофе. Ол жүйке жүйесін белсенді түрде ынталандырып, В және Д дәрумендерінің теңгерімсіздігін тудырады. Соның әсерінен адамның тез ашу шақыруы мүмкін».



Пакеттердегі шырындарда қант пен жылдам көмірсулардың көп мөлшері бар, олар адреналиннің шамадан тыс бөлінуіне әкеледі және стрессті арттырады, деп толықтырды диетолог. Сондай-ақ алкогольді тұтынуды азайту керек. Бұл қандағы қанттың ауытқуын  тудырады, ал бұл стресс гормондарының бөлінуіне  әкеледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26