Конференция лигасы: Бүгін қазақстандық төрт клуб қарсыластарымен кездеседі

Конференция лигасы: Бүгін қазақстандық төрт клуб қарсыластарымен кездеседі
Сурет: Strana.news

Бүгін УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында қазақстандық төрт клуб кездесу өткізеді.

Атап айтқанда, «Қызыл-Жар» – «Осиек», «Қайрат» – «Кишварда», «Тобыл» - «Линкольн Ред Импс» және «Ракув» - «Астана» матчы өтеді.

Аталған кездесулерді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Петропавлдық «Қызыл-Жар» елордада хорватиялық «Осиекті» қабылдайды. Бұл матч Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады. Ойынды QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінен аса алмаған «Тобыл» өз алаңында гибралтарлық «Линкольн Ред Импс» командасын қабылдайды. Қостанайда өтетін матч 20:00-де басталады. Бұл кездесуді де QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.

«Қайрат» – «Кишварда» матчы да жергілікті уақытпен 20:00-де басталады. Алматыдан тікелей трансляцияны QAZAQSTAN телеарнасы жүргізеді.

Қазақстандық командалар арасында «Астана» ғана алғашқы ойынын сырт алаңда өткізеді. Елордалықтар Польшада «Ракувпен» кездеседі. Ойын елорда уақытымен 22 шілдеге қараған түні 01:00-де басталады. Кездесуді QAZSPORT телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.