Қонаевта жаңадан төселген асфальт опырылып, ішіне көлік түсіп кетті

Қонаевта  жаңадан төселген асфальт опырылып, ішіне көлік түсіп кетті
Сурет: Ашық дереккөзі

Бұл жағдай суық су құбырының жарылуы себебінен болды

Қонаев қаласында жаңадан төселген асфальт опырылып, ішіне көлік түсіп кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға орнынан түсірілген суреттен жаңадан төселген асфальттың опырылып, жер шұңқырайып қалғанын анық көруге болады.

«Бұл жағдай суық су құбырының жарылуы себебінен болды. Қазір жол қалпына келтіріледі», - деді Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің өкілі Ғалымұрат Жүкел.