Қонаевта самбошылар бақ сынады

Қонаевта самбошылар бақ сынады Сурет: ашық дереккөз

Кілемде емес, құмда күресті


Қонаевта алғаш рет жағажайдағы самбо күресінен Қазақстан чемпионаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Ерлер мен әйелер 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Командалық есепті қосқанда балуандар 11 медаль жиынтығын сарапқа салды. 24.kz -тің мәліметіне сүйенсек, жағажай самбо күресі елімізде енді ғана дамып келе жатқан  спорт түрі. Былтыр турнир ретінде ғана ұйымдастырылған. Жарыс ерекшелігі – қарсыласын құмға құлатқан палуанға ұпай беріледі. Биыл әлемдік жарысқа қатысуға жолдама беретін іріктеу біріншілігі өткізілді. Елдің барлық аумағынан жиналған 150 спортшы өзара сынға түсті. Жүзден жүйрік шыққандар тамызда Доминикана Республикасында өтетін әлем біріншілігіне жолдама алады. 



«Айырымашылығы бұл жерде уақытпен және балмен айырмашылық. Қарапайым самбода қуып жетіп мысалы немесе партерде ұтып кетуге болса, бұл жерде бірақ шанс – құладың болды, балға түстің болды», -дейді жағажайдағы самбо күресінің чемпионы Айнұр Төребай.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:21

14:17

13:51

13:42

13:03

12:57

12:36

12:32

12:16

11:54

11:46

11:37

11:02

10:47

10:37

10:34

09:49

09:32

09:19

08:48

08:22

20:13

19:43

19:13

18:42