Қонаев студент жастардың қаласына айналуы керек

Қонаев студент жастардың қаласына айналуы керек
Сурет: Exk.kz

Бұл Президенттің тапсырмасы.

Қонаевта «академиялық қалашық» құрылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Алматы облысына сапары барысында Қонаевта академиялық қалашық құру мәселесін қарастыруды тапсырды.

Президенттің айтуынша, Қонаев ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек. Қазір жоғары оқу орындарының көбі Алматыда орналасқан.

«Бұл халық онсыз да тығыз қоныстанған қаланың ахуалына өз әсерін тигізеді. Онда көлік кептелісі көп. Жатақхана және қолжетімді баспана тапшылығы бар. Шаһардың ауасы да ластанып барады. Осының бәрін ескере отырып, Қонаевта «академиялық қалашық» құру мәселесін қарастырған жөн деп санаймын. Ірі қалалардың жанынан инновациялық орталық құрған елдер аз емес. Үкімет бұл мәселе бойынша жаңа жылға дейін нақты ұсыныс беруі керек», - деді Президент.