Қонаев қаласында имамдардың жиыны өтті

Қонаев қаласында имамдардың жиыны өтті
Сурет: ҚМДБ

Имамдар Діни басқарма бекіткен 7 бағыт бойынша 2022 жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын пысықтады.

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында жуырда ғана бас имамдық қызметке тағайындалған Мадияр Пірімқұловтың төрағалығымен алғашқы алқалы жиын өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Атап айтқанда, әр бағытқа жауапты дін қызметкерлері оқу-ағарту, уағыз-насихат, уақып және қайырымдылық, насихат және қоғаммен байланыс, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану және жат ағымдармен оңалту жұмысын күшейту  жолдарын ұсынды.

Сондай-ақ бас имам жартыжылдықта және Құрбан айт мерекесінде  атқарылған  іс-шараларға  жеке-жеке  тоқталды. Одан бөлек жоғары діни білімді кадрлардың санын арттыруға басымдық беру,  медресе түлектерін  өңірлерге тарту жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Жиын соңында Алматы аймағы өкілдігінде 6 жыл бас имам болған Қуаныш Бақытбекұлына имамдардың атынан құрмет көрсетіліп, қазақы салтқа сай иығына шапан жапты