Коммуналдық қарыздары алынып тасталды

 

Алматы қаласының әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әлеуметтік қолдауға мұқтаж алматылықтардың жекелеген санаттарын қолдау мақсатында коммуналдық қызметтер бойынша 80 миллион теңге қарыздары алынып тасталды. Бұл іс-шара халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қалалықтарға қатысты.

Қаланың «АЛТС» және «Алматы Су» коммуналдық кәсіпорныдары жергілікті бюджеттің есебінен төленген жылудың, ыстық және суық судың дебиторлық қарыздарын есептен шығарды.
Аталған іс-шараға 79,9 млн. теңге жұмсалады және онымен 5 055 адам қамтылды. Олар мына санаттағы тұлғалар:
– Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектері – 78 061 теңге бойынша 11 адам;
– еңбек майданына қатысушылар – 4 659 507 теңге бойынша 840 адам;
– Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілгендер – 1 520 764 теңге бойынша 115 адам;
– басқа мемлекеттерде болған соғыстардың ардагерлері – 1 881 004 теңге бойынша 49 адам;
– кәмелетке толмаған 4 немесе одан көп баласы бар көпбалалы отбасылар – 15 898 519 теңге бойынша 462 адам;
– бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектер – 37 619 113 теңге бойынша 2 709 адам;
– атаулы әлеуметтік көмек алатындар – 6 735 501 теңге бойынша 224 адам;
– ең төменгі және одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер – 7 770 687 теңге бойынша 211 адам;
– мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар – 2 438 187 теңге бойынша 346 адам;
– асыраушысынан айрылғаны үшін жәрдемақы алатын отбасылар – 1 271 369 теңге бойынша 88 адам.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *