Колумбияда балаларға вакцина салу басталды

Колумбияда балаларға вакцина салу басталды
Cурет: Ашық дереккөз

Коронавирусқа қасры вакцина 3 жастан асқан балаларға салынады

Колумбия билігі кәмелетке толмағандарға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация науқанының басталғанын хабарлады. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

COVID-19 вакцинациясы 11 жасқа дейінгі балаларға қолданылады, деді Президент Иван Дуке. 

«31 қазаннан бастап балалар күнін атап өту аясында біз Sinovac вакцинасымен 3-11 жас аралығындағы қыздар мен ұлдарға COVID-19 вакцинациясын бастаймыз», - делінген Колумбия Президентінің ресми парақшасында. 

Бұған дейін елде иммундау тек 12 жастан бастап ересектер мен жасөспірімдерге қатысты болған. 

Елде балаларды вакцинациялау үшін Pfizer, Moderna препараттарын және Sinovac вакцинасын қолдануға рұқсат етіледі.