Көлікті қайта жабдықтау тәртібі қандай?

Көлікті қайта жабдықтау тәртібі қандай? Сурет: Tengrinews.kz

Алматы полициясы көлікті қайта жабдықтау туралы айтып берді.


Ережеге сәйкес, қайта жабдықтау – автомобильдің конструкциясында көзделмеген және жол қауіпсіздігіне әсер ететін бөлшектер мен керек-жарақтарды алып тастау немесе орнатудан тұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Көлік құралының конструкциясына болашақта өзгерістер енгізу туралы келісімге келу үшін өтініш беруші біздің бөлімшеге жазбаша өтініш беруі керек. Сондай-ақ, egov.kz, Е-Өтініш электронды үкімет порталын пайдаланып, автокөлікті қайта жабдықтауға рұқсат ала аласыз. Мұндай өтінішті қарау нәтижесінде көлік құралының конструкциясына ұсынылған өзгерістерді енгізу мүмкіндігі туралы шешім қабылданады. Автокөлікті дұрыс қайта жабдықтау үшін сәйкестікті бағалаудан өткен компоненттерді пайдалану қажет. Сонымен қатар Кеден одағының ТР КО 018/2011 “Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” техникалық регламентінің талаптарын (№877 2011 жылғы 09 желтоқсандағы Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген) және Қазақстан Республикасының СТ ҚР 1418-2018 Автомото көлік құралдары. Конструкцияға өзгерістер енгізу. Жалпы ережелер мен техникалық талаптар» сақтауды қамтамасыз ету қажет», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.



Автокөліктің конструкциясына сәйкес өзгерістер автомобильдің тіркеу құжаттарына енгізілуі керек. Автокөлікке енгізілген өзгертулер туралы ақпарат көлік құралын тіркеу куәлігінде көрсетілуі қажет.



«Көлiк құралының тiркеу куәлiгiне көлiк құралына өзгертулер енгiзу үшiн қайта жабдықталғаннан кейiн мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Ол жерде әкімшілік полицияның аумақтық бөлімшесі беретін автокөліктің конструкциясына енгізілген өзгерістердің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы анықтаманы ұсыну қажет. Бұл көлік құралын тіркеу куәлігін ауыстыру арқылы көлікті одан әрі пайдалануға мүмкіндік беру үшін жасалып отыр», – деді Құлбаев.



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38