Көліктерді заңдастыру үшін call-орталық нөмірлері жарияланды

Көліктерді заңдастыру үшін call-орталық нөмірлері жарияланды
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, 22 мамырда елімізге қосалқы бөлшектер түрінде әкелінген конструктор көліктерді тіркеу басталған болатын. 

Тіркелу үшін көлік иелері ұсынуы қажет:

1) өтініш;

2) ішкі істер органдарының уәкілетті қызметкері берген көлік құралын тексеру актісі;

3) техникалық байқаудың диагностикалық картасы.

Мұндай көлік құралдарын алғашқы тіркегені үшін алым мөлшері 200 мың теңгені құрайды. Аталған автокөліктер тек Қазақстан аумағында қолданылуы қажет және оны өзге тұлғаға тіркеуге рұқсат берілмейді.

Көліктерді заңдастыруға өтінімдерді екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары арқылы беруге болады.

Заңдастыруға қатысты қосымша ақпаратты өңірлердегі call-орталықтар арқылы білуге болады.

  • Астана: 8-7172-53-22-30, 8-775-906-53-16
  • Алматы: 8-747-733-10-20, 8-7272-76-27-57
  • Шымкент: 8-700-658-03-87, 8-7252-53-71-06
  • Ақмола облысы: 8-7162-29-98-48, 8-7162-29-98-13
  • Ақтөбе облысы: 8-7132-46-24-40, 8-7132-46-24-41
  • Алматы облысы: 8-702-149-57-20
  • Атырау облысы: 8-7122-98-23-15
  • Абай облысы: 8-702-761-48-66
  • Батыс Қазақстан облысы: 8-705-124-65-47, 8-7112-92-17-17
  • Жамбыл облысы: 8-7262-99-76-46
  • Жетісу облысы: 8-7282-60-75-13, 8-705-733-76-16
  • Қарағанды облысы: 8-702-236-84-10
  • Қостанай облысы: 8-747-847-38-42, 8-7142-52-69-63
  • Қызылорда облысы: 8-705-102-68-41, 8-7242-21-20-93
  • Маңғыстау облысы: 8-7292-47-45-69, 8-701-777-43-62, 8-701-555-83-80
  • Ұлытау облысы: 8-705-303-51-27
  • Павлодар облысы: 8-7182-37-77-35
  • Шығыс Қазақстан облысы: 8-707-914-14-38, 8-7232-23-41-59
  • Солтүстік Қазақтан облысы: 8-7152-32-00-19, 8-7152-32-00-22
  • Түркістан облысы: 8-708-157-42-01, 8-7253-35-86-37