Көлікке ұмтылған оқушының ата-анасы жазаланды

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Көлікке ұмтылған оқушының ата-анасы жазаланды Сурет: видеодан алынды

 Алматы облысында жүріп бара жатқан көлікке ұмтылған оқушының ата-анасы жазаланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Әлеуметтік желіде арқасында мектеп сөмкесі бар ұл баланың жүріп бара жатқан көліктерге ұмтылған видеосы тарап, желі қолданушылардың алаңдаушылығын туғызды. Өзінің де, өзгенің де өмірін қатерге тігу қаупін тудырған оқушының кім екені анықталып, ата-анасына шара қолданылды. Абырой болғанда, көліктерге ұмтылған бала дін аман.



«Ювеналды полиция қызметкерлері оқушыны тауып, өзімен және ата-анасымен профилактикалық жұмыс жүргізді. Ата-анасы баланың тәрбиесіне дұрыс қарамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.



Ведомство өкілдері әр ата-ана балаларына жол жүру ережелерін қатаң сақтауды жиі айтып отыруды еске салады.

Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение