Көлік және логистика саласында туындаған мәселелер бойынша жедел штаб құрылды

Көлік және логистика саласында туындаған мәселелер бойынша жедел штаб құрылды
Сурет:Hladprod.ru

Бұл штаб көмек көрсету және ақпараттық қолдау үшін құрылды.

Еуропалық Одақ елдері мен Ресей Федерациясы арасында жағдайдың шиеленісуіне және халықаралық көлік тасымалы саласында туындап жатқан проблемаларға байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жедел штаб құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Жедел штабты министр Қайырбек Өскенбаев басқарады.

«Жедел штаб кәсіпкерлік субъектілеріне және автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігімен атқарылатын халықаралық жүк тасымалдарына қатысушыларға көмек көрсету және ақпараттық қолдау үшін құрылды», - делінген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Осыған байланысты ҚР ИИДМ Ахуалдық орталығы базасында жедел желі ашылды. Барлық сұрақтар бойынша Call-орталыққа: +7 708 088 0800; +7 (7172) 98-35-35 нөмерлері бойынша хабарласуға болады.