Көлік қағып, қаза тапты

Завершилась ее третья неделя, сообщает Vecher.kz.

Көлік қағып, қаза тапты сурет:toppress.kz

Талдықорғанда екі күнде екі баланы көлік қағып, мерт қылды.


Талдықорғанда екі күнде екі баланы көлік қақты. Бүлдіршіндер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші жағдай Көктал шағынауданында болған. Көшеде ойнап жүрген үш жасар бала ассинизатор көлігі – Газ-53-тің астында қалған. Жүк көлігінің рулінде 43 жастағы ер адам болыпты.


Екінші жағдай Талдықорған – Үштөбе айналма жолында тіркелді. Қоғамдық көліктен түскен 8 жасар оқушы қызды жолдан өте берген кезде Газель қағып кеткен.


Екі жағдай бойынша іс қозғаған тәртіп сақшылары ата-аналарды өз балаларына сақ болуын ескертеді.



«Екі фактіге қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Екі көлік те арнайы автотұраққа орналастырылды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратта. 


Ваша реакция?
Нравится
0
Не нравится
0
Смешно
0
Возмутительно
0
Спасибо за Ваше мнение