Көктөбеде «Денсаулық жолы» пайда болады

Көктөбеде «Денсаулық жолы» пайда болады Сурет: Қайрат Қоныспаев

Осы күзде Алматының «Көк төбе» саябағында жаяу жүргіншілерге арналған «Денсаулық жолы» пайда болады


Алматының «Көк төбе» саябағында жаяу жүргіншілерге арналған тротуар пайда болады, оның құрылысы ағымдағы жылдың қараша айында аяқталатынын  Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«Жеке қаражат есебінен қыркүйек айының басында «Көк төбе» саябағына дейін ұзындығы 1,2 км жаяу жүргіншілер тротуарын жайластыру жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда жолды кеңейту жұмыстары жүргізіліп,  орындықтар мен урналар орнатылады. Аяқталу мерзімі-осы жылдың қараша айы», - деді әкім Ерболат Досаев.



Бұған дейін қала басшысы тұрғындармен кездесулерде Алматы тұрғындары мен қонақтары көлік жүретін бөлікпен жүруге мәжбүр болғанын, оның қолайсыздық пен қауіп тудырғанын атап өтті. Қала тұрғындарының өтініштерін ескере отырып, әкімнің тапсырмасы бойынша биылғы 3 тоқсанда жаяу жүргіншілерге арналған «Денсаулық жолы» құрылысы басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет