Көктемнің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?

Көктемнің алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады?
Сурет: Sanktpeterburg.bezformata.com

Құбылмалы болады.

Қазақстандық cиноптиктердің болжамынша, 1-3 наурыз аралығында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, көктемнің алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Фронтальды ауа бөліктерінің өтуіне байланысты солтүстік жартысында қар жауып, боран болып, жел күшейіп, оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Сондай-ақ, ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болады.

«Ауа температурасы төмендейді: батыста түнде 2…10 градус аязға дейін, күндіз 2…15 градусқа дейін жылы; республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде термометр бағандары 15…20 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0…10 градус аяз; елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 0…8 градус аяз, күндіз 5…15 градус жылы болады», - делінген хабарламада.