«Көктемгі мейірім апталығы» республикалық акциясы басталды

«Көктемгі мейірім апталығы» республикалық акциясы басталды
Сурет: 17.ru

Акцияны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Ұлттық волонтерлер желісі" ЗТБ-мен бірлесіп ұйымдастыруда.

Бұл акция жыл сайын сәуір айының бірінші аптасында өткізіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Көктемгі мейірімділік апталығы – еліміздегі волонтерлік қозғалысты дамытуға және халықтың азаматтық белсенділігін арттыруға бағытталған республикалық акция.

Республикалық акция аясында бүкіл ел бойынша 20 өңірлік "Birgemiz" фронт-офистерінің, сондай-ақ волонтерлер ұйымдарының қатысуымен қария адамдарға, көпбалалы  отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, сондай-ақ ЗОО баспаналарға көмек көрсету, эко сенбіліктер, ағаш отырғызу және т.б. іс-шаралар жоспарланған.

"Көктемгі мейірім апталығы" – баршамызды елімізде болып жатқан әртүрлі жағдайларға бейжай қарамауға шақырады. Біздің әрқайсымыз елдің дамуы мен өркендеуіне жолында өз үлесімізді қосуымыз керек", - деп атап өтті республикалық волонтерлер фронт-офисінде.

Волонтерлік акцияның жоспарымен Qaznolunteer.kz бірыңғай платформасында таныса аласыздар; немесе "Birgemiz" республикалық волонтерлер фронт-офисінің +7 708 706 42 42 нөміріне хабарласуға болады.

"Көктемгі мейірім апталығы" республикалық акциясы 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін жалғасады.