Көктем мезгілінде бет терісін қалай күту керек

Көктем мезгілінде бет терісін қалай күту керек
Cурет: lactofiltrum.ru

Тәулігіне 8 сағаттық қалыпты ұйқыны қадағалау керек

Көктем күтімді қажет етеді. Бұл мезгілде иммунитет әлсірейді. Сол себептен, шаш, тырнақ, бет терісіне ерекше көңіл бөлуіміз керек. Көктемде бет терісі құрғап, өңі кете бастайды. Түрлі дақтар мен бөртпелер тіпті, безеулер пайда болады. Оған күн сәулесі де әсер етеді. Сондықтан бірнеше кеңеске құлақ түріңіз.

 - Таза ауада көп уақыт өткізіңіз. 

- Тәулігіне 8 сағаттық қалыпты ұйқыны қадағалау керек.

 - Көбірек жеміс-жидектер тұтынған жөн. Ұн мен тәтті тағамдардан бас тартқан дұрыс. Көкөністер ағзада дәрумен жетіспеушілігін тежейді. 

- Қысқы маусымда ағзада түрлі токсиндер жиналады. Олардан арылу үшін ең тиімді тәсіл – ыстық монша немесе ванна. 

- Маңызды нәрсе – бет тазарту. Яғни жатар алдында немесе таңертең міндетті түрде тазалап, теріні демалдырған жөн. Көктемде сондай-ақ су құбырларында хлор деңгейі жоғары болады. Сол себептен қайнаған немесе тазартылған сумен жуған жөн. Косметикалық тазарту құралдарын азырақ қолданған дұрыс. Дегенмен ылғалдандырғаш, нәрлендіргіш құралдардың сапалысын қолданған тиімді. 

- Майлы бет терісіне құрамында аз ғана спирті бар құралдар қолдану ұсынылады. Дегенмен, үй жағдайында мұз текшелерін немесе арнайы шөп кайнатпаларын қолданған дұрыс.

- Көктемгі ультракүлгін сәулеге қарсы кремдерде SPF-10-15 қолданған жөн. Себебі сәулелердің белсенділігі жазға қарағанда төмен болады. 

- Көктем кезінде түрлі аллергиялар болуы мүмкін. Арнайы сезімтал терілерге арналған кремдер қолдану қажет.