Көктайғаққа байланысты алматылықтарға ескерту жасалды

Көктайғаққа байланысты алматылықтарға ескерту жасалды Сурет: Facebook.com

Қазақстан территориясының басым бөлігінде қар жауды.


Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» мәліметтеріне жүгіне отырып, ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


15-16 ақпанда Алматыда қалың қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жолда жүру, көру мүмкіндігі қиындайды.


Осыған орай құтқарушылар жүргізушілерге автокөліктерін ағаштардың, электр желілерінің және басқа да ілініп тұрған құрылымдардың астына қоймауға кеңес береді.


Еске салайық, бүгін Солтүстік-батыс циклонына байланысты ҚР территориясының басым бөлігінде қар жауды.


Республика бойынша кей жерлерде тұман, бұрқасын, еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және оңтүстік-батысында көктайғақ болады, басым бөлігінде жел күшейеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26

17:23