Көкшетаудағы мектептен табылған жарылғыш затты оқушы жасаған

Көкшетаудағы мектептен табылған жарылғыш затты оқушы жасаған
Сурет: Zakon.kz

Көкшетауда мектепте жарылғыш затқа ұқсайтын құрылғы табылды.

Сымдары бар қаңылтыр қалбырды мектептің шаруашылық қызметкері байқап қалған. Оқиға орнына келген полицейлер 20 мұғалім мен 10 қызметкерді эвакуациялаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап. 

Ғимараттың іші мен ауласы толық тексерілді. Содан кейін ережеге сәйкес мамандар өздері белігісіз затты мектеп ауласында жарып жіберді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға кеше кешке N2 мектеп-лицейінде болды. 

"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде белгісіз құрылғыны осы мектепте оқитын қыз баланың жасағаны анықталды. Оған білім ордасында оқығысы келмегені себеп болған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеріс жалғасуда. Ювеналды полиция оқушыны есепке алу бойынша шешім қарастырып жатыр", - дейді Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Әсем Әбдірахманова.