Көкшетауда жанар-жағармай бекетінде өрт болып, оператор қаза тапты

Көкшетауда жанар-жағармай бекетінде өрт болып, оператор қаза тапты
Сурет: Ашық дереккөз

Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады

16 ақпанда Көкшетауда жанар-жағармай таситын 2 автоцистерна отқа оранды. Өрт кезінде бекеттің операторы қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақмола облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Көкшетау қаласындағы Солтүстік индустриялық аймақта "Qazaqoil" аумағында, тиеу-түсіру стансасындағы 2 жанар-жағармай таситын цистерналар отқа оранды. Өрт сағат 11-05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толықтай ауыздықталды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды ТЖД.

"Өрт салдарынан жанар-жағармай құятын автоцистернада болған 1988 жылғы аталған бекеттің операторы қаза тапты",- делінген ТЖД хабарламасында.

Өрттің шығу себебі анықталу үстінде.