Көкшетауда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр

Көкшетауда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр
Сурет: Оrda.kz

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың бекітілген күштері мен құралдарын басқару және ведомствоаралық өзара іс-қимыл дағдылары пысықталып жатыр.

10 маусымда Көкшетауда арнайы, құқық қорғау, жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен «ОРМАН-АНТИТЕРРОР-2022» лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Полицейлер құрал-жабдықтарды, оқу-жаттығу орнын фотоға/видеоға түсірмеуді, осы оқиға туралы қауесет пен жалған ақпарат таратпау сұрайды.

Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 2-бөлігі бойынша («Қасақана жалған ақпарат тарату») қылмыстық жауапкершілік көзделген.