Көкөніс бағасына қатысты дүрбелең болмауы керек

Көкөніс бағасына қатысты дүрбелең болмауы керек
Сурет: Zira.uz

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай деді.

Министрдің айтуынша, қымбатшылық тұрақтандыру қорында жинақталған өнімнің аяқталуымен байланысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Егер бүкіл статистиканы қарасаңыз, маусымдық фактор бар, шынымен, бірқатар тауар бойынша жалпы инфляция 12 пайыз, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша», - деді Қарашөкеев.

Министрдің айтуынша, қымбатшылық тұрақтандыру қорында жинақталған өнімнің аяқталуымен байланысты.

«Егер статистиканы алсаңыз, орташа жылдық мәліметті қараңыз, жылдан жылға өсу бар. Биыл өсім соншалықты үлкен емес, негізгі азық-түлік өнімдері, қорлар бар, олар ішкі қажеттілікті өтеуге жетеді. Сондықтан дүрбелең болмауы керек», - деп жауап берді Қарашөкеев.