Кофеге тәуелділіктің қаупі қандай?

Кофеге тәуелділіктің қаупі қандай?
Сурет: Vyboroved.ru

Оның сырын диетолог маман айтып берді.

Гастроэнтеролог дәрігер, диетолог Нурия Дианова кофеге тәуелділік адам үшін несімен қауіпті екенін айтты. Бұл туралы ол Ura.ru. берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.

Сонымен, маманның айтуынша, егер адам күніне бұл сусынның 8-10 шынысын ішсе, онда оның жүйке жүйесі қатты қозады. Одан бөлек, кофеиннің артық болуына байланысты ұйқы бұзылады, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, қабылдағыштық қасиеті нашарлайды, жүрек артығымен жұмыс істей бастайды және қыжыл пайда болуы мүмкін.

 «Оның үстіне, егер адам темекі тартатын болса, онда өңешті «өлтіргенмен» бірдей. Сондықтан кофені тұтынған кезде баланс сақтау керек», - дейді диетолог.

Нутрициолог Ирина Писарева кофеге деген тәуелділіктен небары үш аптаның ішінде арылуға болатынын атап өтті. Бұл сусынның сергітетін әсеріне байланысты адам оған аздап үйреніп қалады.

«Кейін бір күн кофе ішпесе, адам қалтырай бастайтыны сондай, оның ағзасы кофеинді барған сайын көп талап ететін болады және одан бас тарту қиындай түседі», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, кофеге тәуелділік дағдысынан, егер оны үш апта бойы ішпесе, арылуға болатын көрінеді.

Бұған дейін диетолог Наталья Круглова кофенің адам миын «тежейтінін» айтып, ескерткен болатын.