Кофе ас қорытуға қалай әсер етеді?

Кофе ас қорытуға қалай әсер етеді?
Сурет: M24.ru

Кофе іш қатудан көмектеседі

Ғалымдар кофенің ас қорыту процесіне әсер ететінін анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Шамамен екі жүзге жуық ғылыми жарияланымға жасалған шолу кофені аз мөлшерде – күніне үш-бес кеседен ішсе, ас қорыту жүйесіне зиянсыз екенін, керісінше, өт қабында тас түзілу, панкреатит және бүйректің кейбір аурулары қаупін басатынын көрсеткен. Зерттеу нәтижелері Nutrients журналында жарияланған. 

Асқазан- ішек трактіне кофенің үш негізгі әсері бар: асты қорытуға қажет асқазанға, өт және панкреаттық (ұйқы безі) секрецияға, ішекті микробиотикасына және перистальтикаға – ас қорыту тракті арқылы астың өтуіне қажет тоқ ішек қабырғаларының жиырылуына әсер етеді.

194 зерттеу нәтижелерінің талдауы кофені орташа мөлшерде қолдану ас қорыту процестеріне әсер етіп, тоқ ішек арқылы өтуге көмектеседі, ішектегі «жақсы бактериялар» мөлшерін көбейтіп, өт тастарының түзілу қаупін азайтады, сонымен бірге, бауырға қорғаныш әрекетін көрсетеді. Соның ішінде, қатерлік түзілулерден, бүйрек рагының кең таралған түрлерінің бірі - гепатоцелярлы карциномадан қорғайды.

 «Кейбір болжамдарға қарамастан, кофені тұтыну ішек және ас қорыту проблемаларына байланысты емес, - делінген француз Ғылыми ақпарат институты зерттеулерінің қорытындысы бойынша келтірілген баспасөз релизіндегі шолудың авторы дәрігер Астрид Нелигтің сөзінде. – Кейбір жағдайларда кофе ас қорытуға қатысты кең таралған шағымдарға қарсы көмектеседі. Жаңа деректер кофені тұтыну бифидобактериялар сияқты ішектің пайдалы бактериялық топтарының деңгейін арттыруға көмектеседі».

Нәтижелер кофенің ас қорыту гормоны – гастриннің және асқазан сөлінің тұз қышқылының бөлінуіне әсер ететінін көрсетті. Бұлардың екеуі де асқазандағы тамақты бөлшектеуге көмектеседі. Сонымен қатар, кофе өттің бөлінуін көбейтетін гармон – холецистокинин секрециясын жақсартады, сонымен бірге ас қорытуға қатысады.

Қаралған деректер кофенің тоқ ішек моторикасын суға қарағанда 60 пайызға жақсырақ әсер ететінін және кофеинсіз кофе алмастырғыштарға қарағанда 23 пайызға жақсырақ әсер ететінін көрсеткен. Автор мұнымен кофенің созылмалы іштің қатуын кетіретін қасиеті бар деп санайды.

«Бірақ кофенің ас қорыту трактіне әсерін  түсіну үшін қосымша мәліметтер қажет, бұл өте үміттендіріп отырған болжамның бастамасы» - деп атап өтті Нелиг.

Кофенің ас қорыту жүйесіне кері әсері жайлы көптеген күдіктер расталмады. Жекелей алғанда, ғалым кофені жиі қолдану ішек-ас қорыту рефлюксін тудырады деген пікірді жоққа шығарды. Автордың ойынша, қауіп факторы  көбіне-көп біріктірілген немесе аддитивті факторлары – семіздіктен және дұрыс тамақтанбаудан болатын көрінеді.