Климат өзгерістеріне бейімделу шұғыл шешімді талап етеді

Климат өзгерістеріне бейімделу шұғыл шешімді талап етеді
Сурет: ecocongress.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова климаттық өзгерістің қандай салдары болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

«Климаттық өзгерістер салдары Орталық Азия аумағын шөлейтке, биологиялық саналуандықтың, мұздықтардың азаюына, су ресурстарының сарқылуына және экстремалды гидрологиялық құбылыстарға алып келеді. Аталған мәселелерді шешуде бізден климаттың өзгеруіне бейімделу және салдарын азайту бойынша шұғыл шешім қабылдауды талап етеді», - деді Зульфия Сүлейменова елордада өтіп жатқан III ECOJER халықаралық конгресінде.

Министрдің айтуынша, климат өзгерісі проблемаларын шешудегі халықаралық даму тренд индустриялық күн тәртібінен климаттық күн тәртібіне көшу.

«Бүгінде көмір саласына экономикалық қысым күшейіп келеді. Ірі қаржы институттары жасыл технологияның пайдасына көмірмен байланысты жобалардан мүлдем бас тартты. Осы орайда әлем экономиасын декарбонизациялаудың тұрақты үрдісі байқалады», - дейді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Париж келісімі мақсатына жету жолында жаһандық күн тәртібін толығымен қолдайтынын айтты.

«Оның дәлелі - еліміздің 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын бекітуі. Стратегияда бірнеше маңызды бағыт қарастырылған», - деп толықтырды экология министрі.

Айта кетейік, елордада III ECOJER халықаралық конгресі өтіп жатыр.