Классикалық өнердің хас шеберлері

Классикалық өнердің хас шеберлері
Сурет: Inform.kz

Лондонда әлемге әйгілі апалы-сіңлілі Нақыпбековалар туралы деректі фильмнің тұсаукесері болып өтті.

Көркем туынды классикалық өнердің қас шеберлері, қазақтың музыкант қыздарының тағдыры туралы сыр шертеді. Эльвира, Элеонора және Альфия Нақыпбековалар - әлемдегі ең үздік фортепианолық триолардың бірі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 

Олар Советтік Қазақстанда, Қарағандыда туылып, музыкалық білім алған. Мәскеуде консерваторияда оқып, халықаралық байқауларда үздік деп танылған. Шығармашылық еркіндік аңсаған үш қыз батысты бағындыру үшін елден кетіп қалады. Сексенінші жылдардың соңында Лондонда бастары бірігеді. Бүгінде шетелде «Бековалар триосы» деген атпен танымал. Фильмде виртуоздардың осы өмір жолы туралы баяндалады.

«Адамдардың өмірін қысқа деректі фильмде көрсету және өткен тарихқа терең үңіле білу өте қиын. Бұл тұрғыда туынды сәтті шықты деп ойлаймын. Режиссер мен шығармашылық топтың еңбегі орасан», - дейді музыкант Альфия Нақыпбекова. 
«Енді өмір деген ұзақ емес қой. Біраз жасқа келіп жатырмыз бәріміз де. Мұны тарихқа кіргізу үшін, ертең өкініп қалмау үшін бұны бүгін емес ертең бәріміз бағалаймыз. Сондай оймен осы фильмді құрдық», - дейді «Бековалар: еркіндікке жол» деректі фильмнің продюсері Берлин Иришев.