ҚХР Төрағасы мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді

ҚХР Төрағасы мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді
Сурет: Egemen.kz

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің ұшағы елорда әуежайына қонды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Айта кетсек, Қытай Халық Республикасының төрағасы Қазақстанға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша келді.

Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды.

Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.