ҚХР-дың әлемдік экономиканың өсуіне қосқан үлесі 1/3-тен асады - ХВҚ

ҚХР-дың әлемдік экономиканың өсуіне қосқан үлесі 1/3-тен асады - ХВҚ
Сурет: ашық дереккөз

Қытайдың әлемдік экономиканың өсуіне қосқан үлесі 2023 жылы 1/3-тен асады. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цянмен Боао Азия форумы (БАФ) алаңында өткен кездесу барысында Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры Кристалина Георгиева мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ХВҚ басшысының айтуынша, Қытай экономикасы қарқын алуда және биыл оның әлемдік экономиканың өсуіне қосқан үлесі 1/3-тен асады, осылайша басқа елдер үшін маңызды мүмкіндіктер туады.

Қор Қытаймен макроэкономикалық саясатты реттеу саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, сауданың бөлшектенуіне жол бермеуге және дамушы елдерге қарыз дағдарыстарымен күресуге көмектесуге дайын, осылайша әлем тұрақты және қауіпсіз болады.

Өз кезегінде ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян биылғы жаһандық экономикалық жағдай оптимизмге итермелемейтінін және болжау мүмкін емес факторлардың бар екенін атап өтті. Күрделі сын-қатерлер жағдайында халықаралық қауымдастық макроэкономикалық саясатты үйлестіруді күшейтіп, жаһандық өндіріс пен жеткізу тізбегінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтауы қажет екенін де айтып өтті.

«Біздің өнімділікті жақсартуға және жыл сайынғы даму мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуға сеніміміз бен мүмкіндігіміз бар», - деді ол.

28-31 наурыз аралығында Қытайда жыл сайынғы Боао Азия форумы өтеді.