Киіміне қарап, кісіні таны

Киіміне қарап, кісіні таны
Сурет: Вr.pinterest.com

Киім кию үлгісі біраз дүниені аңғартады

Ел арасында «киіміне қарап қарсы алады, сөзіне қарап шығарып салады» дейтін мақал-мәтел бар. Мұны көбіне славян жұрты көп қолданады. Осыған қарап көп нәрсенің байыбына баруға болады. Біз сүріп отырған қоғамның өзі де осыны талап етіп тұрғандай.

Жарасымды киім - адамның ажары. Қазір моданың неше түрі шыққан. Тіпті көз ілеспейді. Қызығасыз, таңғаласыз. Бір жағы, сән әлеміне жетіп үлгермейміз. Өйткені, күніне қаншама жаңа дүниелерге жолығамыз. Әлеуметтік желі арқылы тамашалаймыз. Бәлкім, заманның талабы да солай болып тұрған шығар.

Жастар бәрін «тренд» терминімен өлшейді. Сол арқылы киімнің нарықтағы құны бағаланады. Соңғы уақыттары ұлттық нақыштағы дүниелер көпшілікке қайта танылып келе жатыр. Біршама уақыт бойы көзден ғайып болғандай болып еді. Мұнысы қуантады. Көңілімізді жадыратады. Жас жігіттер қыс мезгіліне арналған бөрік киіп жүреді. Енді біреулер ішік, Doji Gavana сынды брендке құштар. Әрине, ол үшін қомақты қаражат та керек. Былайша айтқанда, әркім "көрпесіне қарай көсіледі".

Америкалық жантану ілімін зерттеушілер киімге қарап кісінің мінез құлқын, жүріс-тұрысын, сөйлеу әдебін аңғаруға болатынын дәлелдеген. Бұл бүгін ғана пайда болған болжам  емес, сонау ғасырлардан белгілі дүние сияқты. Себебі байлар падишалар жібек, барқын маталарынан киім тіктіріп кисе, патшайымдар неше түрлі әшекей тағынған. Содан-ақ қай дәрежедегі адам екені белгілі. Соған сай мінезі де болады.

Ал қазіргі таңда жаппай ұқсастық орын алған. Сәл бұрынырақта қызылды-жасылды дүние тек қыз-келіншектер қауымына жарасатындай көрінетін. Бүгінде ол қағидат мүлде басқаша көрініс тапқан. Осыдан-ақ арғы жағын бағамдай беріңіз!

Қорыту. Қазақта «Адам көркі - шүберек, ағаш көркі - жапырақ» деп жатады. Оны рас. Жарасымды киім адамның ішкі сыртқы жан дүниесіне өз әсерін берері анық. Айтарымыз, бастысы, үйлесім тапса болғаны.