Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған батырлардың балалары тегін оқитын болады

Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза болған батырлардың балалары тегін оқитын болады
Сурет: Mektep.edu.kz

Енді бақилық болған батырлардың балаларының білім алуына көмек көрсетілмек.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның айтуынша, қызметтік борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция, өрт сөндіру саласы және әскери қызметкерлердің балаларына колледждер мен дарынды оқушыларға арналған мектептерге грант берілетін болады.