Қызылордада конго-қырым безгегімен ауырғандар тіркелді

Қызылордада конго-қырым безгегімен ауырғандар тіркелді
Сурет: Inform.kz

Конго-қырым безгегімен 15 адам ауырған.

Қызылорда облысында конго-қырым безгегімен 15 адам ауырған. Оның сегізі зертханалық жолмен расталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elitar.kz телеграм арансына сілтеме жасап.

Конго-қырым геморрагиялық қызбасы – кене шағудан пайда болатын жіті инфекциялық ауру. Ол қызба, интоксикация және тері мен ішкі ағзалардағы қан кетулермен бірге жүреді.

Қызылорда облысында конго-қырым безгегін тудыратын кенелердің 16 түрі бар.

Азаматтарға сақтық шараларын сақтау ескертіледі.