Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды
Сурет: Inform.kz

Бұл қызметке Нұрлыбек Нәлібаев келді.

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрлыбек Нәлібаевты тағайындау туралы 2022 жылғы 07 сәуір Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 7 сәуір № 860 

Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы 1976 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген ол өзінің еңбек жолын «Казахойл-коммерция» серіктестігінде мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 

Кейін «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары, «Стандарт ОйлБейс» және «Стандарт ОйлТрейдинг» ЖШС-лерінің директоры, «СтандартГаз» ЖШС директорының орынбасары, «ХаррикейнОйлПродактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры, «ҚызылордаМұнайСервис» ЖШС бас директоры қызметтерін атқарған. 

2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы болды. Ал 2008-2013 жылдары Шиелі ауданын басқарған. 

2013 жыл Қызылорда қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. 

2021 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.