Қызылорда облысы «сары» аймаққа ауысты

Қызылорда облысы «сары» аймаққа ауысты
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Тағы бір облыс «жасыл» аймақта

30 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды,Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.

«Сары» аймақта Қызылорда облысы тұр.

«Жасыл» аймақта: Түркістан облысы орналасқан.

Айта кетейік, 29 қаңтарда Қызылорда облысы «қызыл» аймақта орналасқан болатын. Қалған өңірлер бойынша эпидемиологиялық ахуал матрицасында өзгеріс жоқ.

Өткен тәулікте ел өңірдерінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 9 475 жағдайы тіркелді, 12 611 адам сауығып шықты.