«Қызыл» аймақта екі облыс пен Алматы қалды

«Қызыл» аймақта екі облыс пен Алматы қалды
Сурет:Zhaikpress.kz

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 

Бұл матрица бойынша, «қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары. 

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.