«Қызықты ғылым» жобасы Алматы қаласында жалғасуда

«Қызықты ғылым» жобасы Алматы қаласында жалғасуда
Сурет: Egemen.kz

Аталған жоба мектеп мұғалімдері мен оқушыларға арналған.

«Қызықты ғылым» жобасы Алматыдағы орта мектептердің 7-8 сынып оқушыларына арналған бөлігі 28-29 қарашаға жоспарланған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Арнаулы семинар барысында 134 жылдық тарихы бар, география, жаратылыстану ғылымдарынан бастап, ғарышты игеруге дейінгі салаларда көп жылдық халықаралық ғылыми-зерттеулер мен фото-, бейнедеректердің бай қорын қалыптастырған National Geographic журналының ресурстарын тиімді қолдану әдістері таныстырылады.

Еске сала кетейік, бұл жоба – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Оқуға құштар мектеп» бастамасын қолдау аясында «Шеврон» мен «KAZMEDIA HOLDING» компаниялары бірлесе атқарып жатқан жұмыстың бір парасы.