KITF–2023 «Туризм және саяхат»

KITF–2023 «Туризм және саяхат» almaty-akshamy.kz

көрмесі әлемнің жетекші компанияларының басын қосты


Алматыда қазақстандық «Туризм және саяхат» атты KITF2023 халықаралық көрмесі ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға әлемнің 22 елінен 258 компания қатысты. Экспозицияда Әзірбайжан, Вьетнам, Грузия, Хорватия, Иордания, Италия, Малайзия, Мальдив аралдары, Жапония, т.б. мемлекеттердің стендтері қойылды.



«Алматы – Қазақстанның ең ірі мегаполисі және келген шетелдік туристер саны бойынша абсолюттік көшбасшы. Қала іскерлік, экологиялық, мәдени-этнографиялық, тау шаңғысы туризмін, сондай-ақ отбасылық демалысты дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие. Қазақстанға келген әрбір екінші шетелдік туристің Алматыға келетінін айта кету керек. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша қалада туристердің жалпы саны 774,2 мыңнан астам адамды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті. Ішкі туристер 1,4 есе ұлғайған кезде шетелдік туристер санының 2,8 есе өсу үрдісі байқалды. 2025 жылға қарай 2,3 млн турист тартуды жоспарлап отырмыз», – деді  «Kazakh Tourism» Ұлттық rомпаниясы» басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.



KITF халықаралық көрмесі елімізде 2001 жылдан бері өтіп келе жатыр. Сондай-ақ, Орталық Азиядағы ең ірі салалық B2B іс-шарасы. Жыл сайын көрмеге қатысушы мемлекеттер мен компаниялардың қатары көбейіп келеді.



«Көрмеге осымен бірнеше рет қатыстық. Қазақстандағы әріптестерімізбен тығыз байланыстамыз. Бізге Алматы қаласы ұнайды. Хорватия көлемі жағынан кішкентай мемлекет. Дегенмен, үш климаттық белдеуі бар. Бізде тау, теңіз, үлкен орман, тропикалық аймақ бар. Туризмнің 70%-ы теңіздің арқасында дамып келеді. Жазғы шомылу кезінде халықтың да қарасы қалыңдайды. Осындай көрмелердің арқасында екі елдің туризмін одан әрі дамиды деген сенімдемін», – дейді Хорватия туристік орталығының директоры Райко Ружичка.




Көрме барысында еліміздің туристік компаниялары шетелдік компаниялармен тәжірибе алмасты. Келушілер шетелдің мәдениетімен, әсем жерлерімен де таныс болды. KITF Travel Fest саяхатшылар форумы, «Тұрақты жоспарлау Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың негізі» тақырыбындағы халықаралық семинарлар ұйымдастырды.



«Біз осы көрмеде компанияның атынан Жапонияны таныстырып жатқанымызға 4 жылдан астам уақыт өтіпті. Кейінгі уақыттарда қазақ жерінен саяхаттап келетін туристердің саны артқан. Жапон халқының да қазақ жеріне саяхаттап барып жатқанын көреміз. Осылайша екі ел арасындағы байланыс нығайып, екі халықтың мәдениетімен таныс болған адамдардың да саны артып келеді.  Қарап отырсақ, саяхатшылар көктем мезгілінде екі ел арасында қатынайды. Оның басты себебі сіздерде Наурыз мерекесі тойланса, бізде сакураның гүлдеген кезеңіне сәйкес келеді», – дейді менеджер Сумида Сей.



Отандық туристік нысандар дағдарысты еңсеру бойынша практикалық кейстермен және осы кезеңде бизнесті дамыту жолдарымен бөлісті. KITF көрмесінің іскерлік бағдарламасы Туризм үшін ең өзекті мәселелерді қозғады. «Дөңгелек үстелдер», тұсаукесерлер және тақырыптық семинарлар ұйымдастырылды.   



«Алматыда ұйымдастырылып жатқан көрмеге қатысқанымызға көп жыл болды. Дегенмен, 2018 жылдан бастап Түркістан өз алдына қала болғандықтан, туризмге көңіл бөліне бастады. Мәдени нысандардың арқасында туризмге деген көзқарас та өзгере бастады. Туристік инвестициялық жобалар жүзге асырыла бастады. Саяхатшылардың да саны арта бастады. 2022 жылы 252 мың турист келген. Жыл сайын саяхатшылардың саны артып келеді. Бұл туристердің қызғушылығы Түркістанға арта бастағанын көрсетеді. Бізде тарихи, мәдени ескерткіштер өте көп. Бұдан бөлек, емдік сауықтыру орындарын да айта кетсек болады», – дейді Түркістан облысы мәдениет және туризим басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов.



Еліміздің әр өңірінен келген мамандар шетелдіктерге қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін таныстырды. Отандық және шетелдік ірі туркомпаниялар мен салалық қауымдастықтар тәжірибелерімен және жоспарларымен бөлісті.



«Біз Алматы облысы Қонаев қаласының әсем табиғатын таныстыру мақсатында қатысып отырмыз. Сондай-ақ, қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық ойындарын, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқанда қалай өмір сүргендігін «Ғұндар» этноауылына шақыру арылы көрсетпекпіз. Бұл жерден әр ауылдан жиналған қыз-жігіттердің өнерін көруге болады. Яғни «Жігіттік өнер (Джигитовка)», «Ашамайға мінгізу»,  «Қыз қуу», «Көкпар» ойындарын көрсетеміз. Бұдан бөлек, конкурстан өткен жастар «Сарбаз рухы» командасына қабылданады. Ол жерде халқымыздың ұлттық болмысын бойына сіңірген жастардың басын қосамыз», – дейді «Ғұндар» этноауылының жетекшісі Айша Шәкенова.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:01

19:58

19:29

19:08

18:50

18:14

18:03

17:48

17:33

17:22

17:10

16:42

16:30

16:21

15:58

15:37

15:19

15:04

15:03

14:49

14:45

14:20

14:07

14:03

13:59