Қытайлық жанкүйер Димаш Құдайбергенді таңғалдырды

Қытайлық жанкүйер Димаш Құдайбергенді таңғалдырды
Сурет: Inform.kz

Димаш жанкүйерімен қол алысты.

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге қытайлық жанкүйері тосын сый жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.

Димаш Құдайберген Instagram-да жарияланған видеода оны жанкүйерлер қоршап тұрғаны көрінеді. Кадрларда Димаш оларды мұқият тыңдап, бақылап тұр. Бір сәтте жиналғандардың бірі ән шырқай бастайды, ал әннің соңын қазақ тілінде айтады. Мұны естіген Димаш таңғалғанын жасырмайды. Осыдан кейін ол жанкүйерімен қол алысады.

«Қытай қалаларының бірінің әуежайында түсірілген видео. Ер адам әнімнің соңғы жолдарын қазақша айтқанда, таңғалдым», - деп жазды әнші Instagram-парақшасында.

Шамасы, жанкүйер Димаш Құдайбергеннің «Ұмытылмас күн» әнін шырқаса керек, ол әннің соңында «аңсарым да ардағым сен» деген жолдарды айтады.

Бұған дейін әнші Қытайдан Ресейге жаңа әнге бейнебаян түсіруге ұшып келгенін айтқан болатын.

«Біз Санкт-Петербург қаласындамыз. Ресейде екі аптаға жуық уақыт боламын, өйткені концерттерге қатысамын, телебағдарламаларға түсемін», - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)