Қытайдың бұрынғы басшысы Цзян Цзэминь қайтыс болды

Қытайдың бұрынғы басшысы Цзян Цзэминь қайтыс болды
Сурет: Inform.kz

96 жасында өмірден озды.

Қытай Халық Республикасын 1989-2002 жылдар аралығындағы басқарған Цзян Цзэминь қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы хабарламаны Қытай Коммунистік партиясының Орталық комитеті, Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысының тұрақты комитеті, ҚХР Мемлекеттік кеңесі, Қытайдың халықтық саяси-консультативтік кеңесі жалпықытайлық комитеті және ҚКП мен ҚХР Орталық әскери кеңестері мәлім етті.