Қытайда XIII Паралимпиада ойындары ресми түрде басталады

Қытайда XIII Паралимпиада ойындары ресми түрде басталады
Сурет: Livesport.ru

78 жүлде сарапқа салынады.

2022 жылғы XIII Қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты Бейжіңде 4 наурызда өтеді. Салтанатты спорттық шара «Құс ұясы» деп аталатын ұлттық стадионда болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстан Паралимпиада құрамасынан туды парашаңғы жарысы бойынша әлем кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов ұстап шығады. 

Қазақстан Паралимпиада құрамасының құрамына бес спортшы кірді: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко. Паралимпиадашылар екі шаңғы жарысы мен парабиатлонда өнер көрсетеді.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Бейжіңдегі 2022 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысады. Спортшылар шаңғы жарысы, биатлон, тау шаңғысы спорты, следж-хоккей, арбадағы керлинг және сноуборд сияқты спорттың алты түрінен 78 жүлдені сарапқа салады.

Қазақстандық паралимпиадашылар алдымен парабиатлонға қатысады. Қазақстан атынан Сергей Усольцев пен Александр Герлиц өнер көрсетеді. Жарыс 5 наурызда Хэбэй провинциясының Чжанцзякоу қаласында өтеді.