Қытайда СOVID-19 рекордтық саны тіркелді

Қытайда СOVID-19 рекордтық саны тіркелді
Сурет: Kapital.kz

Жұқтырғандардың 87 пайызы - симптомсыз тасымалдаушылар. 

Жергілікті БАҚ таратқан мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте Қытайда коронавирустың 31 656 жағдайды тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz cілтеме жасап.

Ведомствоның ресми мәлімдемесіне сәйкес, соңғы тәулікте жұқтырғандардың 87 пайызы - симптомсыз тасымалдаушылар.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, 23 қарашада Қытайда COVID-19-дан тағы бір адам қайтыс болып, елдегі коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 5 232-ге жетті. Соңғы күндері Қытайда коронавирустың таралуы айтарлықтай жеделдеді.

Сондай-ақ елдегі мамандандырылған медициналық мекемелерде емделіп жатқан инфекция жұқтырғандардың 90%-дан астамы ауру белгілері жоқ коронавирус тасымалдаушылары. Қаңтар айының соңында бұл көрсеткіш шамамен 20%-ды құрады.

Қытайдағы ең қиын эпидемиялық жағдай оңтүстік Гуандун провинциясында, одан кейін Чунцин қаласында және орталық Хэнань провинциясында қалыптасты.