Қытайда күннің ыстығына байланысты қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланды

Қытайда күннің ыстығына байланысты қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланды
сурет: Baq.kz

Күн астында жүрмеу ескертілді

Қытайда күннің ыстығына байланысты  қауіптіліктің «сары» деңгейі жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 
Синьхуа агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Қытайдың ұлттық метеорология орталығы елдің бірнеше аймағында аптап ыстық орын алғанын айтты. 
Шэньси, Хэнань, Хубэй, Аньхой, Цзянсу, Чжэцзян, Фуцзянь, Цзянси, Хунань, Гуйчжоу, Сычуань, Гуандун, Хэбэй, Гуанси-Чжуан провинцияларында, сондай-ақ Шанхай, Чунцин және Тяньцзинь қалаларында ауа температурасы 35 градустан асып кеткен.
Болжамға сәйкес, Чунцин қаласының кейбір аудандарында сынап бағанасы 40 градустан асуы мүмкін. Соған байланысты ұлттық метеорология орталығы жергілікті тұрғындарға күн астында жүрмеуді ескертіп отыр. 
Шілденің басында Қытайдың солтүстік-батысы мен орталығында аптап ыстық орын алатындығы туралы хабарланған болатын.