Қытайда Күнді зерттейтін жер серігі ұшырылады

Қытайда Күнді зерттейтін жер серігі ұшырылады
Сурет: 24.kz

Қытай Күнді зерттейтін алғашқы жерсерігін ұшыруға дайындалып жатыр.

 Салмағы 888 келі болатын аппарат қазан айында елдің солтүстік-батысындағы ғарыш айлағынан аттандырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Зонд жерден 720 шақырым биіктікте жұмыс істеп, Күннің магнит өрісі мен өзге де құбылыстарды бақылаумен айналысады. Ресми өкілдердің айтуынша, ғарыш аппаратының жұмысы 4 жылға жоспарланған.