Қытайда коронавирус қайта өршуі мүмкін

Қытайда коронавирус қайта өршуі мүмкін
Сурет: Іnbusiness.kz

Аптасына 45 млн адам індет жұқтырады.

ДДҰ COVID-19 вирусы бұдан былай төтенше қауіп тудырмайтынын мәлімдеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлаған DataHub телеграм арнасының ақпаратына сәйкес, Қытайда кезекті реті коронавирус өршуі мүмкін.

Басылымның мәліметінше, мамыр айының соңында жаңадан індет жұқтырғандар саны аптасына 45 млн-ға, ал бір айдан кейін тіпті 65 млн-ға жетуі мүмкін.

«Вирустың қайта өршуінің бірнеше себебі бар. Атап айтқанда, Қытайдың пандемияға қарсы COVID Zero саясатының тоқтауы, алдыңғы толқындардан кейінгі ұжымдық иммунитеттің әлсіреуі және Омикрон штамының тарауы індетті қайта өршітуі ғажап емес», – деп жазады басылым.

5 мамыр күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусының бұдан былай төтенше қауіп тудырмайтынын мәлімдеген еді. Сол кезде Қазақстандағы сырқаттану статистикасының да жариялануы тоқтады. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің арнасында бұл туралы айтылмай кетті.