Қытайда қауіпті шортан балығы табылды

Қытайда қауіпті шортан балығы табылды
Сурет: Inform.kz

Қытай өлкелерінің су қоймаларынан балықтың экзотикалық түрі – тас қабықты шортан ауланды. Осыған орай қытай экологтары дабыл қағып, балықтың жат жерлік түрі жергілікті экожүйе үшін нағыз апат болуы мүмкін екендігін ескертуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Тас қабықты шортан балығы Солтүстік Америкада кеңінен таралған. Ал Биыл Қытайдың Хэнань, Хунань, Шаньдун, Юньнань өлкелеріндегі, Гуанси-Чжуан автономды ауданындағы, сонымен қатар қытай астанасы – Бейжіңдегі су қоймаларынан табылған.

Бір тас қабықты шортанды аулау үшін Хэнань (Орталық Қытай) өлкесіне қарасты Жучжоу қаласы саябақтарының біріндегі су қоймасынан 200 мың текше метр суды ағызуға тура келген.

Соңғы бірнеше жылдың ішінде тас қабықты шортан балығы Гуандун, Фуцзянь, Сычуань мен Цзянсу өлкелеріндегі жабайы табиғатта көзге түскен.

Басылымның жазуынша, тас қабықты шортан Қытай үшін балықтың экзотикалық түрі саналады. Оның табиғи су қоймаларында жаппай таралуы жергілікті су экожүйесіне айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Қытайда тас қабықты шортанның кеңінен таралуы балықтың бұл түрін ел нарығында сату үшін өсіру болуы ықтимал. Балықтың бұл түрі өте жылдам көбейеді.

Қытай бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына қарағанда, соңғы жылдары Қытайда балықтың 600-ден түрі анықталса, оның 71-і елдің табиғи экожүйесіне қатер төндіретіндігі анықталған.