Қытайда бір айда 60 мың адам қайтыс болды

Қытайда бір айда 60 мың адам қайтыс болды
сурет:iz.ru

Көз жұмғандардың басым бөлігі - 65-тен асқан қарт адамдар.

Қытайда соңғы бір айда коронавирустан 60 мың адам көз жұмған деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 24.kz сілтеме жасап. ҚХР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қайтыс болғандардың 90% - жасы 65-тен асқан қарт адамдар.

Қытайда қараша айында шектеулерге қарсы жаппай наразылық басталып, желтоқсанда оның көбі алынып тасталды. Соның салдарынан елде індеттің таралуы қайта күшейеді. Бірақ өткен аптада жергілікті билік шектеулерді тағы жеңілдетіп, шетелдіктерге қатысты карантин шараларын жойды.