Қытай үкіметі ковидке қарсы қатаң шаралар қабылдады

Қытай үкіметі ковидке қарсы қатаң шаралар қабылдады
inform.kz

Дүйсенбіде Қытайдың Аньхой провинциясында 300 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Осыған байланысты билік өңірде тұратын бір миллион 700 мың адамға карантин тәртібін жариялады. Сусиан және Линьбэй аудандарында тұратын адамдарға үйден шығуға тыйым салынды. Олар тек тест тапсыру үшін сыртқа шыға алады. Елде індеттің өршуіне байланысты Қытай үкіметі ковидке қарсы қатаң шаралар қабылдады.

Вирус тіркелген аймақтарда халық жаппай тест тапсырып, оқшауланады. Алайда бұл шаралар ел экономикасына кері әсерін тигізіп жатыр.