Қытай Ресейдегі компаниясын тоқтатты

Қытай Ресейдегі компаниясын тоқтатты
fainaidea.com

Қытайдың дрондар мен видеотехника өндіретін «Ди Джей Ай» ((DJI)) компаниясы Ресей мен Украинадағы жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Мұндай шешім азаматтық мақсатта қолданылатын өздігінен ұшу құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған. Қазір өнімнің сәйкестік талаптары қайта қарастырылып жатыр.

Компания ресейлік және украиналық бизнес-серіктестер мен тұтынушыларға іскерлік операция тоқтаған күннің өзінде өзара байланыстың жалғасатынына уәде берген.

Осының алдында қытай кәсіпорыны дрондарын әскери мақсатта қолдануға келіспейтінін ескерткен болатын.