Қытай орбитаға тоғыз жер серігін ұшырды

Қытай орбитаға тоғыз жер серігін ұшырды
Сурет: Starwalk.space

Мемлекет ғарыш бағдарламасын белсенді түрде дамытып келеді.

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сичан ғарыш айлағынан бірден тоғыз жер серігі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

Қытай ұлттық ғарыш басқармасының хабарлауынша, құрылғылар смарт желі технологиясы саласындағы қызметтерді көрсетуде, сондай-ақ теңізді қорғау жөніндегі жобаларды іске асыру үшін қолданылады.

Соңғы жылдары Қытай өзінің ұлттық ғарыш бағдарламасын белсенді түрде дамытып келеді. Ел ғалымдары метеорологиялық, телекоммуникациялық және навигациялық спутниктерді, сондай-ақ айды зерттеуге арналған технологияларды әзірлеуде. Сонымен қатар астероидтар мен Марсты зерттеу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Орбитада Қытай ғарыш станциясының құрылысы жүргізілуде, ол жоспарға сәйкес биыл жұмысын бастайды.